Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Тиын (Түргеш қағанатының билеушісі Вахшутаванікі)

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Дөңгелек пішінді тиын. Алдыңғы бетінде соғды жазуы орналасқан: «xwt’w w’xswt’wy pny» (Камышев, 2002). Артқы бетінде түргештердің таңбасы бейнеленген. Таңбаның сол жағында руникалық белгі, төменгі бөлігінде қытайдың «юань» иероглифі орналасқан. Тиынның беткі қабаты патинамен жабылған. Жиектері тегіс емес.

Мерзімделу кезеңі: IX ғ.
Материал: Мыс
Техника: Құю
Өлшемі: Диаметрі - 24 мм, тесігінің диаметрі - 6 мм.
Санат: Археология
Scroll to Top