Көртоғай
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Авторы: Исмаилов Аубакир. 1913-1999
Түбінде арынды өзен ағып жатқан терең шатқал бейнеленген таулы пейзаж. Композиция алып жартасты беткейлер мен ирелеңдей созылған өзен арнасының өзара қарама-қайшылығына құрылған. Судың иірімі көрермен назарын алдыңғы планан шатқалдың түпкіріне қарай жетелеп, кеңістіктің тереңдігін айқындай түседі. Алдыңғы планда сарғыш шөп өскен тастақты қыратта атып алынған қарақұйрықтың жанында екі ер адамның сұлбасы көрінеді. Одан әрі тік жарлы өзен жағалары мен күн сәулесімен жарқыраған қызыл-қоңыр алып жартастар бой көтерген. Шатқал тереңдеген сайын біртіндеп тарыла түсіп, алыстағы көгілдір-күлгін реңкті қарлы тауларға ұласады. Қашықтағы тау сілемдері ауа мұнарына сіңіп, көмескі тартады. Колорит қанық жоса, қызыл-қоңыр және алтын түстердің салқын көк, сұрғылт-күлгін және ақ реңктермен үйлесіміне негізделген. Жарық пен көлеңкенің, жылы және суық түстердің айқын қарама-қарсылығы жер бедерінің күрделі сипатын ашып, тау кеңістігінің тереңдігі мен ауқымын әсерлі жеткізеді. Сол жақ төменде - қолы мен жылы