Дамыл.
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Авторы: Ғұбашев Асылбек Ахметұлы. 1952
Тау пейзажы жалпылама кескіндемелік мәнерде орындалған. Композиция ірі түстік жазықтықтардың үйлесіміне құрылған: қою түсті тау беткейлері орталық бөліктегі ирелеңдеген су айдынын қоршай орналасқан. Колориті ұстамды, суық реңкті, көк және жасыл түстер басым. Жағылуы тығыз, пішіндер шартты түрде жинақталған. Пейзаж кеңістігіне енгізілген әйел мен салт аттының шағын бейнелері тау табиғатының ауқымын айқындап, көрініске жанрлық сипат береді.
5284-ж
Мерзімделу кезеңі:
1988 г.
Материал:
Кенеп
Техника:
Майлы бояу
Өлшемі:
80×100 см.
Санат:
Бейнелеу өнері