Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Шырағданның аяқ бөлігі

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Бұйымның аяғы тікбұрышты түтік пішінінде жасалған, төмен қарай кеңейіп, үшбұрышты табанға ұласады. Сыртқы беті тегіс, ішкі жағы дөрекі өңделген, дәнекерлеу іздері байқалады. Аяқты негізбен жалғастырған жоғарғы бөлігі жоғалған. Фрагменттің жиектері жыртылып, қатты деформацияланған. Алдыңғы бетінде деформация салдарынан пішіні өзгерген тікбұрышты тесік бар. Аяқтың төменгі бөлігінде жануардың табанына ұқсас композиция түзетін төрт сызық сызылған. Металдың бұзылуы салдарынан аяқтың төменгі бөлігінің алдыңғы бетінде диаметрі 0,2 см болатын шағын тесік пайда болған.

Мерзімделу кезеңі: VI-XII
Материал: Қола
Техника: Металл өңдеу
Өлшемі: Биіктігі - 4,5 см, табанының өлшемі - 3,4 × 3,5 см.
Санат: Археология
Scroll to Top