Қазан
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Қызыл саз балшықтан жасалған қазан, жартылай шар тәрізді, түбі тегіс. Ернеуі сәл ішке қарай иілген, түзу. Қабырғаның орта бөлігінде бір-біріне қарама-қарсы орналасқан, қабырғамен біріктірілген екі тік жапсырма тұтқа бар. Сыртқы қабырғаның төменгі бөлігінде ойықтары бар жапсырма белдеу жүргізілген. Сыртқы қабырғасында күйе іздері байқалады.
Мерзімделу кезеңі:
VI-XII ғғ.
Материал:
Керамика
Техника:
Пішіндеу
Өлшемі:
h - 12 см., d - 33 см., d - 35 см.
Санат:
Археология