Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Құмыра

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Қызыл саз балшықтан жасалған құмыра, мойыны биік және жіңішке. Иық тұсында тік тұтқаның бекітілген орны сақталған, тұтқасы көлденең қимасында сопақша, диаметрі 3,0 см. Денесі шар тәрізді, орта тұсы дөңестелген, толқынды және сызықты өрнектермен әсемделген. Беті қызыл ангобпен қапталып, жылтыратылған. Түбі жалпақ.

Мерзімделу кезеңі: VI-XII ғғ.
Материал: Керамика
Техника: Керамика техникасы
Өлшемі: Биіктігі - 24,8 см., түбінің диаметрі - 10,5 см., ернеуінің диаметрі - 5,7 см., тұлғасының диаметрі - 18,5 см.
Санат: Археология
Scroll to Top