Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Шырағдан тірегі

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Шырағдан тірегінің бөлігі жақсы иленген, тығыз қызыл түсті саздан жасалған, құрамында ұсақ құм бөлшектері аз мөлшерде бар. Бөліктің беті ашық ангобпен қапталып, оның үстіне мөлдір ашық жасыл сыр қабаты жағылған. Пішіні тамшы тәрізді, шеттері оюланған. Орталық бөлігінде таңбамен жасалған өсімдік өрнегі бар, ол үш жапырақтан тұратын гүл тәрізді, жапырақтары кең жайылған. Жапырақтардың ұштарынан жоғары және төмен бағытта үш бөлікке бөлінген жарты жарты айшағалар шығып, төртбұрышты пішін тәрізді шеңбер құрайды.

Мерзімделу кезеңі: XI-XII
Материал: Керамика
Техника: Жылтыр сырлау, Қалыптау, Пішіндеу
Өлшемі: Ені - 4,3 см, ұзындығы - 4,0 см.
Санат: Археология
Scroll to Top