Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Сынапкөзе

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

«Балық» пішіндегі сынапкөзе шар тәрізді, сәл созылыңқы, түбі конус пішінді болып, екіге айырылған құйрық тәрізді бөлікте аяқталады. Бұйым жақсы иленген, тығыз, ашық сұр түсті саз балшықтан жасалған. Ыдыстың сыртқы беті ашық түсті ангобпен қапталған, бүйір қабырғалар бетінің тегістелгені байқалады. Мойны саңырауқұлақ тәрізді, жиегі қалыңдатылған. Тұлғасы шеңберлеп салынған концентрлік шеңберлерден тұратын өрнекпен безендірілген. Ішкі жағында нүктелі шеңберлер мен параллель сызық түріндегі ойып басылған өрнектері бар. Тұлғаның төменгі бөлігінде ұзындығы 3,0 см болатын жалғыз дөңестеу, қанат тәрізді жалғанған элемент сақталған.

Мерзімделу кезеңі: Х-ХІІ вв.
Материал: Керамика
Техника: Өңдеу
Өлшемі: Диаметр горловины - 2,6 см., высота горловины - 2,5 см., диаметр отверстия - 0,8 см., диаметр тулова - 9,0 см., высота сосуда - 11 см.
Санат: Археология
Scroll to Top