Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Кимешек

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Кимешек - қазақ әйелдерінің дәстүрлі бас киімі.Бұл кимешек- иық пен кеуде тұсын жауып тұратын кең үлгіде тігілген. Артқы жағы ұзын үшбұрыш тәрізді болып, арқа бойымен төмен қарай салбырайды. Өңір және кеуде тұсы қызыл және қою қызғылт түсті жіптермен кестеленіп, симметриялы геометриялық және өсімдік тектес өрнектермен безендірілген. Өңірдегі сопақша ойық - бетті ашық қалдыруға арналған. Төменгі шеті бүрмеленіп тігілген. Артқы жағы өрнексіз, біртұтас ақ мата ретінде қалдырылған.

Мерзімделу кезеңі: 1970 ж.
Материал: Жіп, Мата
Техника: Кестелеу, Тігу
Өлшемі: 120х55 см.
Санат: Киім және кесте
Scroll to Top