Кебеже
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Кебеже қазақ халқының дәстүрлі тұрмыстық бұйымдарының бірі, дәстүрлі ағашшылық өнерінің, ою-өрнек өнерінің айқын үлгісі. Кебеже негізінен тағам өнімдерін сақтау үшін қолданылған. Жәдігер тікбұрышты пішінде жасалған, астыңғы бөлігіне ағаш доңғалақтар орнатылған. Алдыңғы беті өсімдік тектес өрнектермен, геометриялық және ою-өрнек композициясымен боялған. Қызыл, қара, жасыл, сары түстер үйлесім тапқан.
Мерзімделу кезеңі:
XIX в.
Материал:
Ағаш
Техника:
Тесу, оймалау
Өлшемі:
38×74×52 см.
Санат:
Ағаш