«Бәйтерек» жиынтығы (баурсақтарға арналған табақ)
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Бұл бұйым - қақпағы бар жарты шар пішінді ағаш табақ. Оның сыртқы беті шексіздік символы түріндегі ою-өрнектермен көмкерілген. Қақпақтың жоғарғы бетіне қазақ халқының киелі нышаны саналатын - шаңырақтың бейнесі нақышталған. Бұйым ұлттық нақышта орындалған және қазақ халқының тұрмыстық мәдениеті мен дүниетанымын бейнелейді. Ағашты өңдеу мен ою-өрнек салу техникасы дәстүрлі шеберліктің үлгісі болып табылады. Лакпен қапталған жылтыр беті оның сәндік және қолданбалы құндылығын арттырады.
Техникасы: Қыру, жону, ою, жылтырату.
Өлшемдері: Биіктігі - 10 см, диаметрі - 27,5 см.
Қорға түскен уақыты: 2018 ж.
Материал:
Ағаш, Лак
Өлшемі:
высота- 10 см, диаметр-27,5 см
Санат:
Ағаш