Грамота «Сталин грамотасы»
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Ұлы Отан соғысы жылдарында жауынгерлік ерлігі мен әскери тапсырмаларды үлгілі орындағаны үшін берілген марапаттау құжаты. Грамотада Естибаев Байдурахманның Бальденберг, Бубиц, Шаммарштайн, Шлохау және Штегерс қалаларын алу кезіндегі әскери қимылдарға қатысқаны үшін марапатталғаны көрсетілген. Құжатқа әскери бөлім командирі Бобеевтің қолтаңбасы қойылып, ресми домалақ мөрмен куәландырылған. Грамота сарғыш түсті қағазға баспаханалық тәсілмен басылған. Жоғарғы бөлігінде И.В. Сталиннің портреті мен әскери жалаулар бейнеленген. Ортасында марапаттау мәтіні орналасқан. Төменгі бөлігінде Қызыл алаң мен мерекелік отшашу көрінісі суреттелген.
Мерзімделу кезеңі:
1945 г.
Материал:
Қағаз
Техника:
Басу
Өлшемі:
23 × 17 cм.
Санат:
Марапат