Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Орден куәлігімен

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Орденге берілген куәлік.
Қаламгер Әли Ысқабайға тиесілі. Куәлік 2018 жылғы 30 сәуірде Марапаттау комитеті төрағасының орынбасары А. Седовтың атынан берілген. Құжат иесінің «Польза, честь и слава» орденімен марапатталғанын растайды.
Куәлік ақ түсті қатырма қағаздан жасалған, бүктелмелі кітапша түрінде орындалған.
Орден қызыл және алтын түсті металдан жасалған, бес бұрышты жұлдыз пішінді. Алдыңғы бетінде «Польза, честь и слава» деген жазу орналасқан. Орталық дөңгелек бөлігінде екі жаққа қараған қос басты қыранның бедерлі бейнесі бейнеленген. Дөңгелек медальонның жоғарғы екі жағында қылыш қындарының бедерлі суреті түсірілген. Орденнің жоғарғы бөлігі қызыл түсті айқастырылған таспамен жалғасқан. Артқы жағында кеудеге тағуға арналған түйреуіш бекітпесі бар.

Мерзімделу кезеңі: 2018 г.
Материал: Қағаз, Металл
Техника: Басу, Қалыптау
Санат: Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер), Фалеристика
Scroll to Top