Куәлік төсбелгісімен
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Қаламгер Әли Ысқабайға тиесілі. 2022 жылы 12 желтоқсанда «Қаратал газетіне 90 жыл» толуына орай жазушыға берілген төсбелгіні дәлелдейтін құжат. Куәліктің сырты көк түсті, сыртында ҚР -ның елтасының суреті бейнеленген. Төсбелгі металдан жасалған, сары түсті, дөңгелек тәрізді, алдыңғы жағында «Қаратал газетіне 90 жыл» 1932 - 2022 деген жазуы бар және қалам мен қаламұштың суреті бейнеленген, артқы бөлігінде ҚР-ның картасы мен күннің бейнесі ойылып жасалған және түйреуге арналған ілмегі бар. Жоғарғы жағында ілгегі бар, жоғарғы бөлігінде ҚР-ның туы, күн мен қыранның бейнесі суреттелген.
Мерзімделуі: 2022 ж.
Техникасы: зауыттық өнім
Өлшемі: куәлік ені - 7 см, тігінен - 9 см; Төсбелгі ені - 3 см, тігінен ұз - 8 см
Сақталу жағдайы
Көлемді зақымдануы жоқ