«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ КЕНТАВРЫ» ордені
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Ұлы Даланың Ұлы Есімдері Ассамблеясының Масимов Қажимкан Қасымұлына берген «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ КЕНТАВРЫ» ордені куәлігімен. Сегіз бұрышты, сәулелі металл жұлдыз пішінде жасалған.Жұлдыздың ортасында көгілдір эмальды дөңгелек медальон орналасқан. Медальон ортасында алтындатылған атты сарбаздың (сақ сұлтаны/жауынгері) рельефті бейнесі орналасқан. Дөңгелекті айнала ақ эмальды жиек жүргізіліп, онда алтындатылған жазу жазылған. Медальонның сыртқы жиегінде төрт бұрышынан алтындатылған самұрық құстардың бейнелері орын тепкен. Орденді иықтан асыра тағуға арналған көк түсті, барқыт материалдан тігілген ілгіші бар.
Мерзімделу кезеңі:
2019
Материал:
Алтын, Күміс, Металл, Эмаль
Техника:
Әшекейлеу, Қалыптау, Құю
Өлшемі:
d- 8,5см
Санат:
Марапат