Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Құмыра

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Жазық түпті, жабық пішінді, құмыра тәрізді, мойны жіңішке ыдыс. Қызыл саздан қолмен жапсырылып жасалған, беті қызыл ангобпен қапталған. Ыдыс денесі шар тәрізді пішінде. Биік мойны конус тәрізді болып келіп, тұтқа жағына қарай 40 градус бұрышпен қиғаш кесілген, үшкір ернеумен аяқталады. Ернеуі сыртқа шығыңқы жасалып, ыдыс жиегінде шағын жағалық тәрізді белдеу түзген. Ернеудің жоғарғы бөлігі қысқа, ашық шүмекке ұласады. Тұтқасы түзу, жоғарғы бөлігінде жапсырма төмпешік - бүршікше орналасқан. Ыдыстың денесі мен мойны жеке-жеке дайындалып, кейін өзара біріктірілген. Ернеудің дәл астында екі жапсырма жарты ай пішінді құлақша орналасқан, олардың ішкі беті күннің стильдендірілген бейнесін білдіретін батыңқы өрнекпен әшекейленген. Жарты ай пішінді әшекейлерден және шүмектің орта тұсының астынан төмен қарай қиғаш шырша бұтағы тәрізді үш жапсырма сызық түсірілген, олардың ұштары үш жапырақты жапсырмалармен аяқталады. Ыдыс денесі мен мойнының жалғасқан тұсы саз жолағымен жабылып, ол сопақша келген батыңқы өрнектің екі қатарымен безендірілген.

Мерзімделу кезеңі: VIIІ-X вв.
Материал: Керамика
Техника: Керамика техникасы, Пішіндеу
Өлшемі: Высота сосуда - 50 см, высота горловины - 21 см, диаметр горловины - 5,2 см, высота средней части тулова - 20 см, высота ручки -15,5 см, ширина ручки - 3,1 см
Санат: Археология
Scroll to Top