Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Қола айна

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Х-ХІІІ ғғ.
Дөңгелек пішінді, жоғары сапалы құйылым. Қара торы табиғи дақ басқан.
Айнаның шет ернеуі тігінен текшелене көмкерілген. Кескін көрсетер беті - жылтыр, тегіс. Бедерлі бетінің ортасында бау өткізер жұмыр бұдыры бар. Шеткі ернеулік және ішкі бөлімдік шеңберлер арасының ені 1,5 см белдеуден тұрады. Оның беті тұтасынан араб әріптерінен тізілген жазумен толтырылған. Әріптері куфи жазуынан шыққан магриб үлгісіне келеді. Шеңбер аумағы геральдика тәсілімен орындалған екі сфинкс тұлғаларымен көркемделген. Сфинкстердің басы адамға, денесі жануарға ұқсас етіп жасалған. Балқыту, құю, бедерлеу әдістері арқылы дайындалған.
Диаметрі - 11 см, қалыңдығы - 0,6 см.

Санат: Археология
Материал: Қола
Тақырып: Суреттер мен кескіндеме

Сақталу жағдайы

Айнаның жиегі кертіліп сынған, қарайған.

Scroll to Top