Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Медаль куәлігімен

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

«1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 20 жыл» мерейтойлық медалі. И.Е. Смоленскийге берілген. Жезден жасалған, диаметрі 32 мм, дөңгелек пішінді. Алдыңғы бетінде Е.В. Вучетичтің Берлин қаласындағы Трептов-парктегі азат етуші кеңес жауынгеріне арналған ескерткіші, емен және лавр жапырақтары, «1945-1965» даталары бейнеленген. Артқы бетінде «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» жазуы, «XX» рим цифры және сәуле аясындағы жұлдыз орналасқан. Барлық элементтері бедерлі, ернеумен жиектелген. Медаль жібек муар лентаға бекітілген.

Мерзімделу кезеңі: 1965 ж.
Материал: Металл
Техника: Қалыптау
Өлшемі: d -32 мм, 8,4х4,5 см.
Санат: Металл
Scroll to Top