Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Темір үтік

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

ХIX ғасырда қолданылған бұл бұйымды шоқ немесе ыстық көмір салу арқылы киім үтіктеген. Бұйым шойыннан жасалған. Бүйір қабырғаларының төменгі бөлігінде көмір салуға және түтін шығуға арналған арнайы тесігі бар. Үтіктің бетінде артқа қарай сырғитын қақпағы бар. Үтіктің тұтқасы доға пішінді көлденеңнен орналасқан. Тұтқа ағаштан жасалған. Тұтқа екі дөңгелек тордың көмегімен бекітілген. Қақпақтың жоғарғы бөлігінде тұтқаның жанында фабрикалық белгі ретінде «180» саны таспаланған, уақыт өтуіне байланысты жазулары көмескіленген. Атырау облысы Жылыой ауданы тұрғыны Қосбаев Ғалымның тапсырған тұрмыстық бұйымы.
Мерзімделуі: ХІХ ғ.
Техникасы: фабрикалық өнім.

Материал: Ағаш, Металл, Шойын
Өлшемі: 21 см х 22,5 см
Санат: Киім және кесте, Металл
Scroll to Top