Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Үстел үсті керосин шамы

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Тұрмыстық жарықтандыруға арналған құрал. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың ортасына дейін қала және ауыл тұрғындарының күнделікті тұрмысында кеңінен қолданылған. Керосин жағу арқылы жарық көзі қызметін атқарған.
Құрылымы ауыр дөңгелек тұғырдан, шар тәрізді жанармай резервуарынан және металл білте салғыштан тұрады. Білте салғыш бөлігінде шам шынысын бекітуге арналған тісті жиек пен білтені көтеріп-түсіруге арналған реттегіш кілт орналасқан. Шамның шыны бөлігі мен білтесі сақталмаған.
Жәдігер металлдан жасалған, пішіні дөңгелек әрі көлемді. Сыртқы беті күміс түстес. Металл бөліктерінде уақыт әсерінен пайда болған тозу, таттану және пайдаланылу іздері байқалады.
Электр жарығы кең таралғанға дейін негізгі тұрмыстық жарықтандыру құралдарының бірі болған. Тұрмыстық техника мен материалдық мәдениеттің тарихи үлгілерінің қатарына жатады.

Мерзімі: ХІХ ғ. аяғы - ХХ ғ. ортасы.
Материалдары: металл (темір, жез, никельденген бөлшектер).
Техникасы: штамптау, құрастыру, металды өңдеу.
Өлшемі: диаметрі - 11 см; жоғарғы бөлігінің диаметрі - 5 см; биіктігі - 13 см.

Мерзімделу кезеңі: конец XIX - середина XX вв.
Материал: Жез, Металл, Темір
Техника: Қалыптау
Scroll to Top