Бешпент
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Бешпент. Бешпент - қанық қызыл барқытқа зер салу арқылы тігілген. Бешпент іші қызыл гүлді шыт матамен астарланған. Бешпентті айналдыра зермен маяша ою, қапталына жіңішке зер жүргізілген. Бешпенттің мойны тік жаға етіп тігілген. Қолтық асты тігісімен төменге қарай шабу түсірілген. Ені - 13 см өлшемді қалта қуысы екі қапталдан орналастырылған. Қалта ернегінің айналасы ирек сызықты тігістермен сырылып тігілген.
Мерзімі: ХХ ғ. аяғы
Материалы: барқыт
Техникасы: тігу
Өлшемі: 70 х 100 см, 44-46 рр
Санат:
Киім және кесте
Материал:
Барқыт
Техника:
Тігу
Сақталу жағдайы
Көрінетін зақым жоқ