Ажалсыздық туралы поэма. Триптих. Оң жақ бөлігі
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Авторы: Ақанаев Амандос Әтібекұлы. 1949
Символикалық мазмұндағы көпфигуралы композиция. Кеңістік әртүрлі масштабтағы көріністерді қабаттастыра біріктіру арқылы құрылған: газет үйіндісінің үстіндегі телефон, қолы байланған еңкейген ер адам, бала көтерген әйел, жылқы және скафандр киген ғарышкер бейнелері. Композиция фрагментті, бейнелер шартты түрде біріктірілген. Колориті ұстамды, суық сұр-көгілдір реңктер мен бәсең жылы акценттердің үйлесуіне негізделген.
Мерзімі: 1985 ж.
Өлшемі: 254×112 см
4054-ж
Санат:
Бейнелеу өнері
Материал:
Кенеп
Техника:
Майлы бояу
Сақталу жағдайы
Төменгі сол жақ бөлігінде бояу қабатының қабыршақтануы және сырылуы байқалады. Жиектері сыдырылған.