Неке сақинасы
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Авторы: Джусупов Али Аскарович. 1928-1976
Тұрмыстық көріністе ашық түсті қабырға мен гүлдеген бұталар аясындағы екі тұлға - күлгін көйлекті әйел мен қалпақ және ашық түсті костюм киген ер адам бейнеленген. Фигуралары фронтальды орналасқан композиция орталық әрі статикалық сипатқа ие. Туындының пастельді ашық колоритін құрайтын күлгін, жоса және көгілдір реңктер артқы пландағы гүлдермен өзара үндестік тапқан. Тұлға сұлбалары жалпыланған, формалары жазықтықтық әрі сәндік мәнерде берілген.
Мерзімделу кезеңі:
1967 г.
Материал:
Кенеп
Техника:
Майлы бояу
Өлшемі:
136х98 см
Санат:
Бейнелеу өнері