Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Шетелдік ғылыми делегацияны қабылдау

  Халықаралық ғылыми ынтымақтастық туралы меморандум аясында 2026 жылғы 13-16 мамыр аралығында «Бозоқ» музей-қорығы Түркия Республикасынан келген ғылыми делегацияны қабылдады. Делегация құрамында тілдерді зерттеу орталығының директоры Сельчук Доган, «Бозок» университетінің өнер тарихы кафедрасының меңгерушісі Мехмет Кутлу және аудармашы Лейла Кутлу болды.
  Кездесу барысында делегацияға Бозоқ қалашығы негізінде жүзеге асырылып жатқан Ұлттық парк жобасы таныстырылып, археологиялық зерттеулер, мәдени мұраны сақтау және ғылыми ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
 Қазақстан мен Түркия арасындағы ғылыми және мәдени байланыстарды дамыту, сондай-ақ бірлескен жобаларды жүзеге асыру мақсатында өзара ынтымақтастық бағыттары айқындалды.
Scroll to Top