Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

«Көшпенділер әлемі» көрмесі

   Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде Ресей Федерациясының Қалмақ Республикасы Н.Н. Пальмов атындағы Ұлттық музейінің «Көшпенділер әлемі» көрмесінің ашылуы өтті.
   Көрмеге мәдениет қызметкерлері, архив мамандары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, университет оқытушылары мен студенттері және қала тұрғындары қатысты.
   Экспозицияда қалмақ халқының тарихи-мәдени мұрасын танытатын 60-тан астам жәдігер ұсынылды. Олардың қатарында ұлттық музыкалық аспаптар, тұрмыстық бұйымдар, ат әбзелдері, қолөнер туындылары және буддалық діни жәдігерлер бар.
   Көрменің мақсаты - қалмақ халқының мәдениеті мен дәстүрлерін насихаттау, көшпелі өркениеттің ортақ құндылықтарын таныстыру және мәдени ынтымақтастықты нығайту.
Scroll to Top