26 маусым күні Солтүстік Қазақстан облысының, Айыртау ауданындағы ежелгі археологиялық ескерткіш Ботай қонысының аумағында «Ботай - Ұлы дала мәдениеті және қазақ халқының баға жетпес байлығы» атты халықаралық этнофестиваль өтті.
Фестиваль аясында этномәдени және музей көрмелері, Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының көрмесі, Ботай мәдениетіне арналған суретшілердің көрмесі ұйымдастырылды.
Этнофестиваль Ботай мәдени мұрасын дәріптеуге, ұлттық құндылықтарды насихаттауға және этномәдени туризмді дамытуға бағытталған маңызды мәдени алаңға айналды.