Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Краковтағы ғылыми семинар

«Есік» музей-қорығының аға ғылыми қызметкері, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің докторанты Әсел Амаргазиева Польшадағы Краков қаласында орналасқан Ягеллон университеті Археология институтының арнайы шақыруымен «Қазақстанның археологиялық мұрасы: жартас суреттері және Алтын адам» тақырыбында ғылыми баяндама жасады.
Семинарға институттың профессор-оқытушылар құрамы, ғылыми қызметкерлері мен студенттері қатысты. Баяндама барысында Қазақстандағы жартас суреттерін зерттеудің өзекті мәселелері, Есік обасынан табылған Алтын адамның тарихи-мәдени және ғылыми маңызы, сондай-ақ аң стилі, ежелгі тұрғындардың дүниетанымы мен қолданбалы өнері туралы айтылды. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, баяндама жоғары бағаланды.
Scroll to Top