Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Сәкен Сейфуллин атындағы Жаңаарқа аудандық тарихи-өлкетану музейі

Сәкен Сейфуллин атындағы Жаңаарқа аудандық тарихи-өлкетану музейі 1984 жылы ресми түрде ашылған. Тәуелсіздік алғаннан кейін музей қарқынды түрде дами бастады. Тәуелсіздік жылдарында, атап айтқанда 2004 жылы, ауданның 75 жылдығы мен ақиық ақын Сәкен Сейфуллиннің 110 жылдығына орай музейге жеке ғимарат беріліп, 4 залдан тұратын жаңа экспозициялық кеңістік ашылды. 2022 жылы Ұлытау облысының құрылуына байланысты музей Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына берілді.

Музейдің басты мақсаты - Жаңаарқа өңірінің тарихи-мәдени мұрасын сақтау, зерттеу және насихаттау. Мұнда ауданның тарихы, мәдениеті, тұрмыс-салты, сондай-ақ өңірден шыққан дара тұлғалар туралы ақпараттар кеңінен қамтылған.

Музей көлемі - 302 ш.м. жәдігерлер саны 3 936 сақтау бірлігін құрайды.  

Музей 4 залдан тұрады. 

1. «Көне заман тарихы» залы 

2. «Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы» залы

3. «Жаңаарқа тарихы» залы

4. «Этнография» залы 

«Көне заман тарихы» залы - Жаңаарқа өңірінің қола дәуірі ескерткіштері. Экспозицияда қола дәуірінің мұралары құмыра сынықтары, найза және жебе ұштары, алтын моншақ бөлшегі, мойын-алқа (қола гривна), жебенің басын құюға арналған қалыптарды көруге болады.

Көне заман айғақтары сыр шертеді атты бұрышта тарихи көне - ескерткіштер - кезінде Шоқан Уәлиханов жазбасы бойынша IX - XI ғасырларда жасалды деп шамалаған «Жұбан ана» ескерткіші өткен ғасырдың 80 жылдары қайта өңделген. Музейде сондай-ақ белгілі азаматтардың мазарларының архитектуралық өзгешелігі бар бейіттердің суреттері бар. Оның ішінде атақты Бәйеш батырдың, Құтжан қажының бастарындағы ескерткіштердің көріністері берілген. Жалпы қазақ жұрты білген батырлар - Нияз, Нұрбай, Байдалы би, Төлебай сал, Балабақсы, күйшілер Сайдалы Сары Тоқа, Ықылас Дүкенұлы, Дайрбай Ерназарұлы және Шоң Телғозыұлының тұлғаларының майлы бояумен салынған портреттері көрсетілген. 

«Сәкен Сейфуллин өмірі және шығармашылығы» залы - «Сәкеннің арғы - тегі, туыстары», «Өсу жылдарында», «Төңкеріс жылдары» және «Зұлмат жылдары» бөлімдерінде Сәкен Сейфуллинге қатысты майлы бояумен салынған портреттер фотосуреттер, құжат көшірмелері қойылған. 

Сәкен Сейфуллиннің кезіңдегі күй табақ, Сәкеннің бірінші әні жазылған пластинка, Сәкен пайдаланған етік құралдары тапсырған Асқартегі Тайтөлеу, Сәкен ұстаған ыдыс аяқтар аққұман және 2 кесе тапсырған Мәжит Сефулиннің жұбайы Әмина. Сәкен Сейфуллиннің шәй шапаны Өзбекстанға іс-сапарда болғанда Сәкенге тарту ретінде берілген.

Шыны астында Сәкеннің шығармалар топтамасы «Тернистый путь», «Айша», «Хамит в погоне за бандитом» «Сыр сандықты ашып қара», «Қызыл сұңқар» күй табағы, Сәкен Сейфуллин туралы жазылған кітаптар, Сәкеннің уақытында ұстаған былғары портфель Кеңес Үкіметі кезінде 30-50 жылдары қолданған жазу машинкасы қойылған.

 «Жаңаарқа тарихы» залы - бұл залда «Ауданның құрылуы», «Теміржол құрылысы», «Теміржолшылар», «1941-1945 жылдары», «Тың игеру» бөлімдерінде еңбегі сіңген қайраткерлер, ардагерлер фотосуреттері, қолданған заттары қойылған.

«Ауыл шаруашылығы», «Медицина», «Білім», «Ғалымдар», «Қолөнершілер», «Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткерлер», «Ауған соғысына және Чернобыль АЭС апатына көмек берген сарбаздар», «Ақын және жазушылар», «Мәдениет» және «Спорт» бөлімдерінде өздері еңбек еткен салаларда абыройлы болған ел азаматтарының бейнелері бар. Төменгі сөрелерде әр салада қолданған құралдар қойылған: қол іс машинасы, аяқ электр машинасы, тігін цехында қолданған іс машиналар, механикалық есептеуіш машина «Феникс», үстел лампысы, күй табақтар қойылған.

Ақселеу Сейдімбекке арналған «Тұғыры биік тұлға» бұрышта ұстаған заттары қалам, қойың дәптері, тарағы, бәкі, шақша құтысы, нарды, есімхаттар, құжат көшірмелері, кітап сыртқы мұқабалары, фотосуреттер қойылған.

 «Этнография» залы - Төрде киіз үйдің жартылай бөлшегі - шаңырақ, уықтар, керегелер, Рымкеш Әлтаева жасаған топы қойылған. Ақтоғай ауданынан С. Сейфуллиннің 110 жылдық мерейтойына және ауданның 80 жылдық тойына арналған Сарыбас Жүнісовтың тарту домбыралары қойылған. Ақ киізден жасалған қоржын, кесе қап, жастық салғыш, көрпешелер, әбдіре, адалбақан, қасқыр, түлкі және қарсақ терілері ішігі ілінген. Киіз үйдің ортасында дөңгелек үстелде ағаш табақша, тостағандар, майшамдар қойылған.  

Қазақ ұлттық қыз-келіншектердің және ер азаматтардың киімдері, күмістен және жезден жасалған әшекей бұйымдарына арналған бұрышы бар. Шолпылар, қапсырмалар, күміс және жез жүзіктер, күміс және жез білезіктер, шыны ішінде қыз, келіншек және әженің қазақ ұлттық киімі қойылған.

 Ағаш және металлдан қолдан жасалған ыдыс аяқтар қайың табақтар, ожау, кепсер, тостаған, жез легендер, келі және келі сабымен, қазан тағанымен, самаурын, диірмендер қойылған. 

Жұмыс уақыты 10:00 - 18:00
Билет құны 500 тг.
Веб-сайт muzei-atasu.kz
Мекенжайы Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы, Жаңаарқа кенті, Сейфуллин даңғылы 26
Scroll to Top