Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Шаммат-Ишан музейі

«Шаммат-Ишан» музейі Түркістан облысы, Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында орналасқан тарихи-мәдени ескерткіш болып табылады. 1789 жылы жергілікті халықтың сауатын ашу мақсатында мешіт-медресенің іргетасы қаланған. Бұл ғимараттың құрылысын Шаммат-Ишан (Шамухаммад-Ишан) бастаған. Шаммат-Ишан жастайынан әкесінен діни білім алып, кейін өзі бас болып, халықтың білімін көтеру мақсатында мешіт-медресе құрылысын бастайды. 

Ғимарат бірнеше кезеңнен тұрады: 1789 жылы кіші ақсарай, 1876 жылы үлкен ақсарай салынады. Кіші ақсарайдың астында жерасты ғибадатханасы бар, жаздың ыстық күндерінде сол жерде құлшылық жасайтын болған. Ал үлкен ақсарай мешіт рөлін атқарумен қатар, шәкірттер алғаш сол жерде сауатын ашқан. Үлкен ақсарай мен кіші ақсарайдың ортасын дәліз бөліп тұр. Үлкен ақсарайдың ішін шығыстық сәулет өнерінің тамаша өрнектерімен безендірілген. 

Музей 29 бөлмеден тұрады. Оның ішінде жәдігерлерге арналған бөлмелер және үлкен ақсарай, кіші ақсарай бар. Музейдің жер көлемі 1950 шаршы метр. Ғимараттың жалпы алаңы 320 шаршы метр. Музей қорында 2633 жәдігер бар. 

«Шаммат-Ишан» музейі тарихи және мәдени құндылықтарды сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу мақсатында маңызды рөл атқарады. 

Жұмыс уақыты 09:00 - 18:00
Билет құны 500 тг.
Мекенжайы Түркістан облысы, Қарнақ ауылы, Қарнақ ауылы, Абдуллаев көшесі 2
Scroll to Top