Қызылқоға тарихи-өлкетану музейі
Қызылқоға тарихи-өлкетану музейі 1989 жылы ашылып, халық игілігіне қызмет көрсету үшін пайдалануға берілген болатын. 1992 жылғы аудандық тарихи-өлкетану музейі болып құрылды.
Музейдің басты мақсаты - Қызылқоға өңірінің тарихына, этнографиясына, археологиясына қатысты құнды жәдігерлерді жинақтау және жүйелеу, өлке тарихын ғылыми тұрғыда зерделеп, кең жұртшылыққа қолжетімді ету, тарихи жәдігерлерді сақтау және қорғау арқылы ұлттың рухани жады мен мәдени тұтастығын нығайту, оқушылар мен жастарға патриоттық тәрбие беру, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, сондай-ақ жергілікті халықтың тарихи санасын қалыптастыруға ықпал ету.
Музейдегі экспозициялар бірнеше тақырыптық бағытта топтастырылған.
1. «Табиғат» залы - табиғат залында өлкемізде кездесетін жануарлар дүниесі-қасқыр, түлкі, киік, борсық, қабан, күзен біздің өңірде кездеседі, құстардан - аққу, үйрек, шағала, ала қарға, қара қарға, шымшық тұлыптары орналасқан.
2. «Этнография экспозициялық» залы - Өлке тарихымен байланысты жинақталған өлкеміздің этнографиялық жәдігерлері халқымыздың салт-дәстүрінен, әдет-ғұрыптарынан, мәдениетінен мол мағлұмат береді. Күні бүгінде өлкеміздің тарихына, табиғатына, этнографиясына қатысты құнды материалдарды көптеп кездестіруге болады. Күнделікті тұрмыс-тіршілігіне қажетті тұрмыстық бұйымдарды ағаштан, теріден, жүннен, темірден, күмістен, жезден, т.б. материалдарды шеберлер пайдалана отырып, қажеттіліктеріне қолдана білген.
3. «Өлке тарихы экспозициялық» залы - көне Сарайшық, сармат дәуіріндегі тас моншақ, қыш ыдыс сынықтары, қанжар, құрбан тас бөлігі және қазақтың бұрынғы тұрмыс-салты мен ұлттық дәстүріне байланысты жәдігерлер, XX ғасырдың басындағы жапондық бесатар мылтық қойылған.
4. «Мәдениет және әдебиет экспозициялық» залы - экспозицияда қоғам қайраткері, белгілі қоға қайраткері Х. Досмұхамедұлының, жерлес академиктеріміз З. Қабдолов, С. Зиманов, жазушылар Ғ. Сланов, Б. Аманшин, Ж. Кейкин, белгілі жазушы-сценарист С. Санбаев, композитор М. Қойшыбаев, Кеңес Одағының батыры М. Баймұқанов, Даңқ орденінің толық иегері Ш. Еркіновтің фотосуреттері, тарихи құжаттары, XIX ғасырда өмір сүрген Айбас батыр сауыты мен қылышы орын алған.