Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Байғанин аудандық музейі

Байғанин ауданындағы әр ұрпақтың өзіндік өрнегін сақтаған музейдің іргетасы 1989 жылы қаланды. Бабалар аманатын келешекке жеткізуші алтын көпір - музейміз тәуелсіздік алған жылдан бастап бой көтерді, сол кездегі аудан әкімі Айжарықов Түрікпенбайдың музей ашу жөніндегі Өкімі шыққасын ғимараттың іргетасы қаланып, аудандық мәдениет бөлімінің бастығы Сарыбаев Сүндеттің қолдауымен музей құрылысы салына бастады. Сол жылдардан бастап музей қызметкерлеріне өлкетанушылар, мәдениет қызметкерлері, кітапханашылар, мектеп оқушылары көмектесіп отырды. Байғанин ауданы ақындар, ғалымдар, батырлар елі болғандықтан өлкеміздің мол мұрасы құт-берекелі Жем-Сағыз өңірінің тарихы жинақталып, зерттеліп, зерделене бастады.

Еліміз тәуелсіздікке қолы жеткізген соң, мұраларымыздың жоғалғандарын іздеп барын түгендегенде ұрпақ есінен шығып қалуға жақын қалған кезінде, халқыма қорған болсам деп, елінің еркіндігі, тәуелсіздігі үшін күрескен батырларымыздың басына кесенелер орнатып, ел жадына қайта жанғырту мақсатында Кіші жүздің Жетіру тайпасы Табын руы тараған. Үстірттің Сам құмында дүниеге келген Барақ батыр жөнінде деректер жинақтап 1992 жылы аруақты аталарымыздың мәңгілік тұрағы болып қалған Сам жеріндегі Асау - Барақ қорымында Барақ атамыздың басына ақ шаңқан күмбезді кесене салынды.

1993 жылы 11-12 маусым күндері Байғанин ауданының сыртындағы Қоңыр Дөң үстінде Барақ пен Асау батырдың туғанына 250 және 230 жыл толуына орай бағытталған ас беру кезеңінде музейіміз ашылып батырларға арналған бұрыш жасақталып, ас беруге келген Батыр бабалар ұрпағы Барақтың найзасының ұшымен батырдың үшінші ұрпағы Дәуіт батырдың тайқазанын музейге жәдігер ретінде тапсырды, асқа келген қонақтарға жинақталған экспонаттарды насихаттау жұмыстары жүргізілді. Аталар жөнінде жан-жақты зерттеліп, 2010ж Бейнеу ауданында «Асау-Барақ» аталарымыздың мешіт үйінің ашылу салтанатына барған сәтте Барақ атаның шара табақшасымен Асау батырдың мыс құманы музейге тапсырылды. 2013 жылы 26-27 қыркүйек күні Бейнеу ауданында Барақ пен Асау батырдың туғанына 270 және 250 жыл толуына орай бағытталған ас беру кезеңінде Байғанин ауданы тойдың өтуіне үлкен үлесін қосып, бабалар мұрасын жанғыртты.

Жұмыс уақыты 10:00 - 18:00
Билет құны 500 тг.
Веб-сайт www.baiganin-muzei.kz
Мекенжайы Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді ауылы, Қонаев көшесі 40.
Scroll to Top