Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Қанжар

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі

Қанжардың бір-біріне тұмсығымен қарап тұрған екі грифонның басы тәрізді зооморфты сүйір төбесі бар. Тұмсықтары қатты қисайған, көздері мен құлақтары шиыршықталып көрсетілген. Айқасулары бүлінген, бірақ оларды көбелек немесе бүйрек тәрізді деп болжауға болады. Сабы көлденең кимада дөңгелек; жүзі линза тәрізді. Қанжар толықтай темірден жасалған, бірақ сүйір төбесі алтынмен қапталған, тұтқасы бұрандалы екі сымдық алтын сыммен айналасына оралған, айқасу ұсақ әртүрлі пішіндегі алтын тілімшелермен безендірілген (тек екеуі сақталған). Жүзінің екі жағынан да жануарлардың шағын бейнелері бар жіңішке алтын тілімшелер жүргізілген. Жүзінің ұшына қарай біртіндеп тарылатын тілімшелер ұсақ тісті дөңестердің көмегімен қанжар жүзіне бекітілген, олар тілімшенің бүйірлерінде ұзына бойы орналасқан.

Ж.с.д. V-IV ғғ.
Алтын, темір
Ұзындығы 48 см, қыны 7,7 см
Есік обасы, Жетісу
К.А. Ақышевтің қазбасы

Scroll to Top