Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Қырынан жатқан бұғы түріндегі белбеудің қапсырмалары. Горельеф

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі

Құйылған қапсырмалар бедерлеу және нақыштау әдісімен жасалған. Бейне қатты нақышталған, бірақ жануардың түр ерекшеліктері еркін оқылады. Жатқан қалпында бейнеленген. Алдыңғы аяқтарының тұяқтары артқы аяқ тұяқтарының сыртқы жағына жанаса тиетіндей өрнектеліп жасалған. Екінші аяқ жұптарының сұлбалары біріншісімен жапсарлас көрініп тұр. Тұяқтары сүйірленген және аяқтарынан екі жолақпен белгіленіп бөлінген. Алға қарай иілген арық денесінің бүкіл салмағы алдыңғы аяқтарға түскендей әсер қалдырады, оны сауырының көтеріліп, артқы аяқтарының жартылай иілгенінен байқауға болады. Грифонның басы мүйіздердің өзегімен жалғанған. Жылқы үлгісіндегі құйрығы жалпақ және үлпілдек, үш тұтамға таралған. Құйрығы құйымшақ тұсынан аяққа дейін түседі де, сол жерден жоғарыға кілт иіліп мүйіздің шетімен ұштасып кетеді. Жақтаудың ішкі жағындағы бұрыштарынан айылбасты белбеуге бекіту үшін қызмет ететін тікбұрыш пішінді төрт күміс ілмектер қондырылған.

Ж.с.д. V-IV ғғ.
Алтын, құйма, бедерлеу, шекіме
4,4 × 8,6 см; 4,4 × 8,5 см
Есік обасы, Жетісу
К.А. Ақышевтің қазбасы

Scroll to Top