Үш аяқты қазан
Қола, құйма. Ж.с.д. V-III ғғ. Жетісу
Кездейсоқ олжа
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі
Қазан құйма қоладан жасалған, үш аяғы бар. Сопақша пішінді, ернеуіне қарай біртіндеп тарылады. Ернеуі сыртқа қайырылған және ішкі жағында қиғаш кемері бар. Тұрқының айналасында есілген арқан тәрізді рельефті белдеу жүргізілген. Тұрқының қабырғаларына қимасы сопақша келген ілмекті төрт тұтқа бекітілген. Аяқтары қуыс, иілген, жоғарғы бөлігінде ойық қырлары (каннелюрасы) бар; төменгі ұштары жіңішке зооморфты тұяқ түрінде берілген.