Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Жуалы аудандық тарихи-өлкетану музейі

Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты «Жуалы аудандық тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  2017 жылдың 30 қарашасында Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімінің №284 қаулысымен «Болашаққа бағдар-Рухани жаңғыру»  аясында құрылды. 2018 жылдың 29 қыркүйегі күні салтанатты түрде ашылып халыққа қызмет көрсетуде.

Жалпы музейдің бағыты: Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауындағы бағдарламаны жүзеге асыру, Бұл Елбасының «Мәдени Мұра», «Рухани  Жаңғыру» деп аталатын бағдарламалардың ауданымызда жүзеге асқан, келер ұрпаққа оның өткен тамыры терең тарихын таныстыру мен насихаттаудың бірден бір айғағы саналады. Ол жөнінде: «Көненің көзіндей тарихтың өзіндей болған жәдігерлерді жинақтап, жүйелеу, оларды келешекке сақтап жеткізу, өзге жұртқа барымызды көрсетіп насихаттау - абыройлы міндеттердің бірі »-деп елбасы  баға берген болатын..Өлкеміздің тарихи құндылықтарын кеңінен насихаттау, аудан көлімінен табылған құнды жәдігерлерді сақтау, болашақ ұрпаққа тарихымызды мұра етіп жеткізу.

 1-ші зал - «Археология» залы. Археологиялық жұмыстардан табылған жәдігерлер, негізінен аудан көлеміндегі жерлерден әкелінген, 2-ші зал- «Даңқ» залы яғни,елге еңбегі сіңген,қоғамдағы ерекше орны бар әр саладағы тұлғалары мен Жуалы өңірінен шыққан батырлардың үлкен суреттері мен өмір баяндары және тарихи кезең оқиғалары мен суреттемелері жазылған, 3-ші залда-«Өлкетану» залы.Бұл залда 1990 жылдарға дейінгі облыс,аудан көлемінде музей қызметкерлерімен жинақталған жәдігерлер орналстырылған. Жуалы аудандық тарихи-өлкетану музейінде - 3979 (үш мың тоғыз жетпіс тоғыз) жәдігер сақталуда және жыл бойы жаңа жәдігерлер алынып отырады.

Жұмыс уақыты 10:00 - 18:00
Билет құны тегін/бесплатно
Мекенжайы Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б. Момышұлы ауылы, Жібек жолы көшесі 5 а
Scroll to Top