Жамбыл аудандық тарихи - өлкетану музейі
Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Аудандық тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Өлкетану негізіндегі музей өлкенің тарихи дамуын, мәдени мұрасын және ұлттық құндылықтарын кеңінен таныстыруға арналған. Тарихи-мәдени құндылығы бар жәдігерлерді жинақтау,сақтау, зерттеп-зерлелеу,қалпына келтіру сондай-ақ өлке тарихына байланысты түрлі экскурсиялар, танымдық сабақтар, көрмелер ұйымдастыру жас ұрпаққа насихаттау.
2003 жылы Аудандық мәдениет үйінің жанынан құрылған болатын. 2003-2024 жылдар арасында ыңғайластырылған «Жастар ресурстық» орталығы мекемесінде орналасты. Жамбыл облысы Жамбыл ауданының әкімдігі 2018 жыл 12 қарашадағы №771 қаулысымен «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Аудандық мәдениет үйі» КМҚК-нан «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Аудандық тарихи-өлкетану музейі» КММ-сін бөліп шығару жолымен қайта ұйымдастырылды. Бастапқы кезеңде музей шағын экспозиция ретінде жұмыс жасап, уақыт өте келе қор саны артып, мазмұны кеңейе түсті. Бүгінде музей аймақтың тарихын,салт-дәстүрін, тұрмысын және рухани құндылықтарын танытатын маңызды мәдени орталыққа айналды. Музей директоры Сырлыбаев Асқар Бақытұлы. 2024 жылы 25 қыркүйекте музейге арнайы жаңа ғимарат пайдалануға берілді.
Музейдің экспозиция залдарының атауы мен қысқаша анықтамасы. Музей ғимараттың жалпы ауданы - 963,74 шаршы метрді құрайды. Оның 393 шаршы метрі экспозициялық 2 залдан және 297,8 шарша мерт конференция залынан тұрады. Музейде «Археология,этнография және мәдени мұра» залы «ХХ-ХХІ ғасырдығы өлке тарихы» залы жасақталған. Экспозицияда көне дәуірден бастап қазіргі кезеңге дейінгі археологиялық жәдігерлер, этнографиялық бұйымдар, тұрмыстық заттар, құжаттар мен фотосуреттер, қолөнер туындылар қойылған. Әрбір жәдігер белгілі бір кезеңнің өмір салты мен құндылықтарын бейнелеп, келушілерді өткен мен бүгіннің сабақтастығымен таныстырады.
Музейдің жұмыс жасау кетесі
Дүйсенбі - Жұма 09:00-18:00
Түскі үзіліс: 13:00-14:00
Сенбі, жексенбі: демалыс күндер
Музейді тамашалау тегін не ақысын көрсету
Музейге кіру тегін.