Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі

Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі - аймақтың тарихы мен мәдениетін кешенді түрде зерттеп, насихаттауға бағытталған жетекші ғылыми-мәдени мекеме. Музей 1942 жылы «Қазақстанды зерттеу қоғамының» облыстық бөлімшесінің негізінде құрылып, 1959 жылы белгілі саяхатшы, этнограф және Орта Азияны зерттеуші Григорий Николаевич Потаниннің есімі берілді. Музейдің негізін қалаушы - фотограф әрі өлкетанушы Дмитрий Поликарпович Багаев.

Қазіргі таңда музейдің экспозициясы Павлодар өңірінің көне дәуірден қазіргі кезеңге дейінгі тарихы мен мәдени дамуын қамтитын 12 тақырыптық залда орналасқан. Сонымен қатар музей құрылымына ғылыми кітапхана мен алты филиал кіреді. Олардың қатарында - Д.П. Багаевтың үй-музейі, М.Шамсутдинова атындағы ән шығармашылығы музейі, Әскери даңқ музейі, «Екібастұз тарихи-өлкетану музейі» КМҚК, «Ақсу тарихи-өлкетану музейі» КМҚК және «Шарбақты тарихи-өлкетану музейі» КМҚК бар. Сонымен қатар ашық аспан астындағы музей де жұмыс істейді.

Музейдің негізгі экспозициясы Павлодар қаласының тарихи орталығындағы, XIX ғасырдың 1890 жылдары салынған сәулет ескерткіші - көпес А. Деровтың бұрынғы сауда дүкендерінде орналасқан. Әкімшілік және ғылыми бөлімдер бұрынғы пошта-телеграф кеңсесінің ғимаратына орналасқан. Музейдің негізгі қор қоймасы Ленин көшесі, 129-үйде орналасқан, ол да сәулет ескерткіші мәртебесіне ие.

Музейдің ғылыми қорлары - оның басты мақтанышы. Бүгінде негізгі қорда 105 мыңнан астам жәдігер сақтаулы. Жылдан-жылға бұл коллекция жаңа заттармен толықтырылып, ғылыми жүйелеу жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. «Павлодар тарихи-өлкетану музейінің археологиялық коллекциялары»

Сондай-ақ «Павлодар облысы аудандық музейлерінің сирек және құнды жәдігерлері» атты жиынтық каталог дайындалуда.

Музей қызметінің басты бағыттарының бірі - ғылыми-зерттеу жұмысы. Ғылыми қызметкерлер өлке тарихы, палеонтология, археология, этнография тақырыптарында дәрістер әзірлейді және «Музейге барғым келеді!», «Қалатану» секілді жобалар аясында жұмыс жүргізеді. Музей базасында ведомстволық және қоғамдық музейлердің қызметкерлеріне арналған семинарлар, тренингтер ұйымдастырылады, оған ҚР Тұңғыш Президенті музейінің жетекші мамандары да тартылады. Сонымен қатар облыстық музейлерге әдістемелік-ұйымдастырушылық қолдау көрсетіледі. Музей республикалық және өңірлік қорлар негізінде жылжымалы көрмелер, дәрістер, шығармашылық кештер, концерттер ұйымдастырады. «Павлодар Ертіс өңірінің тарихы мен мәдениеті» музейаралық жобасы аясында Қазақстанның өзге музейлерімен көрме алмасу жүзеге асады.

Жыл сайын халықаралық Музейлер күні аясында «Музейдегі түн» мәдени жобасы өткізіледі. Оның шеңберінде тарихи жәрмеңке көріністері, театрландырылған экскурсиялар, шығармашылық топтардың қойылымдары ұсынылады. Сонымен бірге музейде шеберлік сабақтары, өлкетану дәрістері, концерт-дәрістер, этнографиялық және археологиялық экспедициялар өткізіліп, олардың нәтижелері ғылыми тұрғыда зерделеніп, көрерменге ұсынылады.

Жұмыс уақыты 10:00 - 18:00
Билет құны 500 тг.
Веб-сайт pavlkraimuz.kz
Мекенжайы Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Астана көшесі 147/1

Виртуалды тур

Scroll to Top