Күбі - қымыз дайындауға арналған трапеция тәрізді ыдыс. Күбі жіңішке шырша тақтайшаларынан жасалған, бір-бірімен біріктіріліп, үш қара түсті метал дөңгелектер арқылы бекітілген. Ішінде қымызды араластыруға арналған 93 см ұзындықтағы піспек бар. Күбі ашық қоңыр түспен боялған.
Мерзімі: 2010 ж.
Материал: ағаш.
Техника: қол өнері.
Өлшемі: биіктігі - 75,5 см, үстінің d -16 см, түбінің d - 25 см.