Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Керамикалық ыдыс (фляга)

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі

Керамикалық ыдыс (фляга) б.з.д. І мыңжылдықтың аяғы - б.з. І мыңжылдығында Сырдарияның төменгі ағысында өмір сүрген Жетіасар мәдениетіне жатады. Ыдыстың формасы жұмыртқа тәрізді етіп, қолмен жапсыру арқылы жасалған. Жоғары жағына геометриялық спираль орнаменті салынып, ыдыстың аузы ұзынша етіп жасалып, бүйірінен шығарылған. Ыдыс қызыл түсті боялған. Археолог мамандардың айтуынша түйенің екі жағына арту үшін төменгі жағы тегіс етіп жасалған.

Scroll to Top