Пішіні - конус тәрізді, ернеуі жалпақ, бүйірі кең. Ыдыстың іші қоңыр түсті ангобпен боялып, түссіз шыңылтырмен (глазурь) қапталған. Сырты иығына дейін қоңыр ангоб жағылған. Ернеуі сары, жасыл бояумен өрнектелген.
Мерзімі: XVIII-ХІХ ғғ.
Материалы: керамика.
Техникасы: көзеші шарығы, күйдіру.
Өлшемі: ернеуі - 14,5 см., түбі - 7 см., биіктігі - 12,5 см.