Жүзік. Гүлге ұқсайтын жиектемесі бар, ортасына сердолик тасы орнатылған касты сақина. Кастың түбі шиыршықталған сымнан жасалған екі қатар өрнекпен көмкерілген. Жүзіктің шеңбері (шинка) гүлге жақын бөлігінде кеңейіп, екіге айырылған.
Уақыты - XX ғасырдың басы.