Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Шырағдан

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі

UUID: 696a1ea2a6f036329

Шырағдан
Ғұрыптық ыдыс. Жұмыр білеудің бір ұшында жайпақтау ернеуі кең, ернеу жиегі тік табақша, екінші ұшында бүйірі тікше, шұңғыл кішілеу табақша бар. Табақшалардың ішкі бетінде ыс табы байқалады. Жұмыр білеу - тұғырдың екі жанына ортасы көлденең білеумен бөлінген доғаланған тұтқа тігінен жабыстырылған, тұтқаларға батырыла жолақтар сызылған.
Мерзімі: Б.з.д. II ғ. - б.з. IV ғ.
Материалы: Қыш.
Техникасы: Қолмен сомдау.
Өлшемі: биіктігі 21 см, ернеу диаметрі 11 см; түбінің диаметрі 9 см.
Табылған орны: Күлтөбе қорымы, оба 1, Оңтүстік Қазақстан.

Scroll to Top