Арқар бейнелерімен безендірілген белдік ұшы (фрагмент). Белдік ұшы ұзынша төртбұрыш пішінді, ұшы дөңгелектенген, сәл иілген. Алдыңғы беті дөңес, екі қатарға дәнекерленіп орналастырылған арқарлардың шағын мүсіндерімен әшекейленген: жоғарғы бірінші қатарда - 3, екінші қатарда - 4. Арқарлар аяқтарын бүгіп бейнеленген, денелерінде асыл тастар орнатуға арналған үтір тәрізді ойық-ұялар бар. Мүсіндер арасындағы кеңістік ұсақ түйіршікті зерлеу әдісімен толтырылған. Белдік ұшының жиектері артқы жағына қайырылған.