Құты алмұрт тәріздес, мойын жағы ұзын етіп жасалған. Жоғарғы бөлігі қасқырдың бейнесінде. Мойны мен бүйірі өрнектелген. Көздері мыстан шығынқы етіп жасалынған. Тұтқасы мен қақпағы жоғалған. Х-ХІ ғасырға жатады. 1951 жылы Байзақ ауданынан кездейсоқ табылған.
Материалы: қола
Мерзімі: Х ғ. - ХІ ғ.
Авторы: белгісіз
Табылған орны: Жамбыл облысы. Байзақ ауданы
Техникасы: қалыптау
Өлшемі: ұзындығы -29 см, бүйірі-44 см, басы-11 см