Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Құты

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі

UUID: 69693e5f5566eb15a

Жарты дөңгелек, бір бүйірі жайпақ, мойын тұсы білеуленген, ернеу қимасы тік бұрышты, ернеу жиегі сыртқа қайырылған, бүйірінің екі шетінде бекітуге лайықталған ілмекті кішігірім екі тұтқасы бар, бүйіріне айналма жолақтар түсірілген. Жайпақ бүйірінде мойнына жақын «н» - тәрізді белгі және парфян-арамей жазбасы: Тирибурз («Тир құдайының құдіретімен асқақтаған») сызылған. В.А. Лившицтің аудармасы.
Мерзімі: Б.з.д. IV-II ғғ.
Материалы: қыш.
Техникасы: шарық, бұдырлау.
Өлшемі: биіктігі 26 см, ернеу диаметрі 7 см, түбінің диаметрі 23 см.
Табылған орны: Шірікрабат кешені, нысан 1, Қармақшы ауданы, Қызылорда облысы.

Scroll to Top