Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Сәукеле

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі

UUID: 69693badd92300d33

Төбесі қызыл түсті, маңдай бөлігі мен милығы қоңыр түсті барқытпен тысталып, бидайы талдырма киізден салынып, астары гүл бедерлі мақта матадан тігілген. Төбесінің артқы жағы қалақша пішінді етіп алдыңғы бөлігінен биіктеу пішіп тігісін ақшыл оқамен жиектеген. Төбесінің алдыңғы бөлігіне ромб тәрізді темір шытыралар тағылып, онан төменде көлденеңінен екі қатар зертаспа басылған. Сәл кеңейтіліп пішілген етек бөлігіне екі қатар зертаспа басылып үстіңгі таспаға перуза тастан көз салынған құйма шытыралар қадалған. Желкелік пен құлағы ретінде үшбұрыш пішінді үш қондырма тігілген. Төмен озып салбырап тұрған екі құлағы астары қызыл жібектен, бетіне зертаспа бастырылғанМатериалы: Барқыт, киіз, мақта мата, зертаспа, шытыра, металл, перуза.
Техникасы: Тігу, зерлеу, кестелеу.
Өлшемі:ұз. 73 см, милық шеңб. 52 см.
Шығу тегі: Батыс Қазақстан облысы.

Scroll to Top