Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Қамқа тон

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі

UUID: 696939c9d419597d8

Ақ түлкінің терісінен тігіп, зерлі қамқамен тысталған әйелдің сырт киімі. Иық тігісі қиғаш түскен, қондырма жеңді. Жеңін қиықтан құрап, ұзын бойынан екі жерден қусырған. Артқы бойын үш бой матаның енімен алған, жақтау қусырмалары, белінде танап тігілген қиық қатпарлары бар. Су күзеннің терісінен қайырма жаға салынған және етек, жеңі жұрындаған. Жұрынға жалғастыра жылтыр оқа басқан.
Мерзімі: 1860 ж.
Материалы: Тері, қамқа, оқа.
Техникасы: Тігу.
Өлшемі: жалпы ұз. 114 см, екі иіннің аралығы 38 см, жеңі 61 см, етегінің шалғайы 186 см, өңірінің ені (етегінде) 39 см.
Шығу тегі: ҚХР, Шыңжаң.

Scroll to Top