Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Аспа-салпыншақ

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі

Құс тәрізді жұқа тілік, құс бітімі білеу сымнан құрылған ортадағы диаметрі - 1,5 мм, шеңбер ішіне айқаса орналасқан төрт жапырақты гүл тәрізді ұяшықтармен айқындалған. Құстың қанаты, құйрығы әркелкі дөңгелек, тамшы тәрізді, төртбұрышты ұяшықтармен белгіленген. Ұяшықтар аралығына, тілік жиегіне түйіршіктер дәнекерленген. Аспаның жоғарғы бөлігінде сынған ілмектің орны байқалады. Тілікке жаңа ілмекке лайықталып екі саңылау түсіріліп, оған қалыңдығы - 1,2 мм. Жіңішке сым өткізілген, сымның ұшы иіліп сәл жапырылған. Аспаның артқы жағына үш ілмек дәнекерленген, оның бірі жұлынған.
Мерзімі: Б.з.д. II-I ғғ.
Материалы: Алтын.
Техникасы: Құйма, шыңдалған, түйіршіктелген, дәнекерленген, безендірілген.
Өлшемі: ұзындығы 2,7 см, ені 2,6 см, қалыңдығы 0,2 см. Салмағы 5,3 грамм. Сынама 900.
Табылған орны:Қарғалы шатқалы, Алматы облысы. Кездейсоқ табылған артефакт.

Scroll to Top