Дөңес, бадам тәрізді тоғаның үстіңгі беті төрт қатарға дәнекерленген арқарлар мүсіншелерімен әсемделген. Жоғарғы, бірінші қатарда 1, екіншіде 3, үшіншіде 7, төртіншіде 5 арқардың мүсіншесі бар. Бірінші және екінші қатарлардың шеттерінде арқардың басы бірден дәнекерленген, 3-4 қатарлар арасында бір арқардың басы бар. Арқарлардың аяқтары бүгілген, денесінде жарқырауық тастар қондырылатын үтір тәрізді ойық-ұяшықтар бар. Пішіндердің арасы жиі түйіршіктермен толтырылған. Тоғаның астыңғы жағына ілмекті түтікше дәнекерленген (түтікше жұлынған орын байқалады).
Мерзімі: б.з.д. VIII-VII ғғ.
Материалы: алтын.
Техникасы: құйма, дәнекерлеу, түйіршіктеу, безендіру.
Өлшемі: ұзындығы 6,3 см, ені 3,2 см, биіктігі 1,2 см.Салмағы: 54,40 гр.Сынама: 900.
Табылған орны: Жалаулы ауылы, Райымбек ауданы, Алматы облысы. Кездейсоқ олжа.