Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Арқар пішінді шытыра

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі

Тұяқтары иілген алдыңғы, артқы аяқтарын біріктіріп секіруге дайындалған қалыптағы арқардың мойнын күрт иіп, басын алға созған. Денесінің алдыңғы және артқы дөңес тұстары айқындалған, құйрығы қысқа. Құлақ, көз, тұмсық, тұяқтарының ұялары тамшы тәріздес, аузы сопақша көк және көгілдір-жасыл түсті сегіз қондырғы(жеті жалпақ және құлақ тесігінде кабошон үлгісіндегі бір томпақ әшекей) перуза таспен безендірілген. Артқы бетіне екі ілгек дәнекерленген. Тоға тазаланған, тас қондырғылары толықтырылған.
Мерзімі: Б.з.д. VII-VI ғғ.
Материалы: Алтын, перуза.
Техникасы: Құйма, дәнекерлеу, безендіру. Өлшемі: биіктігі 3,9 см, қалыңдығы 0,5 см. Табылған орны: Шілікті 2 қорымы, оба 1. Шығыс Қазақстан.

Scroll to Top